Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 13 мамырдағы № 58-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі;
1-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы |
А. Саткалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының