«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 817 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 49-50, 575-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізiлсiн:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: