2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу және бекіту;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
3) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның негізгі қызмет бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, шет мемлекеттердің тиісті органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін осы уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға;
құжаттарды немесе өзге мүлікті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес алып қоюға құқылы;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
21-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан ақпарат пен материалдарды, оның ішінде цифрлық ресурстардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға;
іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақыртуға келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуге;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге мүлікті алып қоюға немесе тінту мен алуды жүргізуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға немесе оларда басқару функцияларын орындайтын адамдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынуларды Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыруға;
ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге;
сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасына талдау жүргізуге құқылы;
сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтауға, олардың жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге;
сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіруге, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22-бап. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымды адамдардың өкілеттіктері
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты адамдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүзеге асырады.
23-бап. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:
1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;
7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.
24-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам, лауазымды адам бұл туралы жоғары тұрған басшыны және (немесе) өзі жұмыскері болып саналатын мемлекеттік органның, ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығын және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуге тиіс.
Өзге жеке тұлғалар дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар мен органдарға хабарлауға құқылы.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамның жоғары тұрған басшысы, мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес мемлекеттің қорғауында болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын адамдарға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің көтермелеу бөлігіндегі ережелері:
1) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адамға;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адамға қолданылмайды.
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесуді қамтиды.
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпарат көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
Көрсетілген ақпаратты жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
24-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды қабылдаған күннен бастап немесе адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен кезден бастап үш жыл бойы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғауды;
2) адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету мақсатында осы адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді қамтиды.
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
24-2-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуынан қорғау
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өзі жұмыскері болып табылатын (болған) ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына хабарлау арқылы ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам тарапы болып табылатын жеке еңбек дауын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құрылатын келісу комиссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның өкілін міндетті түрде шақыра отырып қарайды.
Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ келісу комиссиялары жоқ ұйымдарда өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына хабарлау арқылы мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам мемлекеттік органның немесе ұйымның аталған адамның тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау, сондай-ақ адамды жұмыстан шығарудың (атқарып жүрген лауазымынан босатудың) немесе басқа лауазымға ауыстырудың негізділігін анықтау үшін құрылатын тәртіптік комиссиясының немесе өзге де алқалы органының (бұдан әрі - алқалы орган) ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды немесе жұмыстан шығарылмайды (атқарып жүрген лауазымынан босатылмайды) немесе басқа лауазымға ауыстырылмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның өкілі осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер қаралатын алқалы орган отырысына қатысуға міндетті түрде шақырылады.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган немесе басқа ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша материалдарды келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жібереді.
Көрсетілген отырысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның өкілі қатыса алады.
Бұл ретте, егер мемлекеттік органның немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген басқа ұйым мен уәкілетті мемлекеттік органның арасында осы Заңның 24-3-бабының 3-тармағында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалса, онда келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысына қатысуға шақыру және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша материалдар тиісті уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша келісімі алынғаннан кейін осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелерді осы бапта белгіленген тәртіппен қарау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Келісу комиссиясының шешіміне немесе алқалы орган отырысының хаттамасына отырысқа қатысқан оның мүшелері қол қояды.
Келісу комиссиясы шешімінің не алқалы орган отырысы хаттамасының көшірмесі шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган келісу комиссиясы немесе алқалы орган отырысының қорытындылары бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган келісу комиссиясы шешімінің немесе алқалы орган отырысы хаттамасының көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне не прокуратураға жұмыскердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте көрсетілген хабарламаны жіберу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның сотқа жүгінуіне кедергі болып табылмайды.
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 24-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
24-3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын тиісті мемлекеттік органда не ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетілген жағдайда осы адам жұмыс істейтін мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысы және (немесе) басшылығы, келісу комиссиясының немесе алқалы органның мүшелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
2. Өзі жұмыскері болып табылатын мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау не осы мемлекеттік органда немесе ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында адам осы мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына жүгінген кезде мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысы және (немесе) басшылығы аталған адаммен оның ниеті болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға өзге де жәрдем көрсету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде уәкілетті мемлекеттік орган аталған адаммен оның ниеті болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, жұмыскермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасқан, жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабары бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген басшымен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалады.
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Адам осы Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құқықты іске асыру үшін осы Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құпия ақпаратты беруге жазбаша келісімнің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган осы адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның осы Заңның 24-4-бабының 2-тармағында көзделген хабарламасы келіп түскен мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы, егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адам мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында осындай келісім жасалған болса, осы адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға міндетті.