«Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 276 бұйрығы

«Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 276 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Бұйрықтың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректер жинауға арналған нысандар:

1) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы бақылау-инспекциялық қызмет туралы мәліметтер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы бақылау-инспекциялық қызмет жөніндегі жиынтық ақпарат осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) браконьерлікпен күрес туралы мәліметтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы қызметі жөніндегі мәліметтер осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) жануарлар дүниесін аулау туралы мәліметтер осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6) жануарлар дүниесін есепке алу туралы мәліметтер осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.