«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Энергетика министрі

 

Н. Ногаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2020 жылғы 6 ақпандағы

№ 43 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.