(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН БІЛІМ БЕР...

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.