Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII «Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 25/174-VIII шешімі
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII «Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Абай облысы мәслихатының көрсетілген шешімімен бекітілген қосымшасында:
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
келесі мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды: