«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 қарашадағы № 1033 бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.
көрсетілген бұйрықтың 9-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
көрсетілген бұйрықтың 11-1-қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын.
1-тармақ мынадай мазмұндағы 11-4), 11-5) тармақшалармен толықтырылсын:
11-4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті туралы ереже;
11-5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Арнайы даярлық департаменті туралы ереже;
осы бұйрыққа 4, 5-қосымшаларға сәйкес 11-4, 11-5-қосымшалармен толықтырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ТД:
1) Басшылықтан;
2) Алдын ала тергеуді талдау жұмысы басқармасынан;
3) Алдын ала тергеуді аймақтық бақылау басқармасынан;
4) Ұйымдастырушылық-әдістемелік басқармасынан;
5) Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасынан;
6) Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша тергеу және аймақтық бақылау басқармасынан;
7) Жеке тұлғаға қарсы аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасынан;
8) Жеке меншікке қарсы аса ауыр қылмыстарды тергеу басқармасынан;