«Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 203 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14856 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады;»;
4) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаражатты игеру мерзімі - 12 ай;»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: