«2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 574 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41, 79 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-9) тармақшамен толықтырылсын:
«2-9) осы қаулыға 2-9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу;»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мына:
«