(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АУМ...

Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VI шешімі

(2023.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Атырау облыстық мәслихатының 2023.11.12. № 67-VIII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Атырау облыстық мәслихатының 2022.14.12. № 222-VII шешімімен (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 67-VIII шешімімен (2023 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына және «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің:

1) Атырау облыстық мәслихатының 2023.11.12. № 67-VIII шешімімен алып тасталды (2023 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Абдолов) жүктелсін.

3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.