Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 28 шілдедегі № 204 бұйрығы
(2025.15.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.31.07. № 149 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.31.07. № 149 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.