Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешімі
(2023.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |