2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Санкт-Петербург, 2023 ж. 25 желтоқсан) (қолданысқа енген жоқ)

2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың

Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы

 ХАТТАМА

 (Санкт-Петербург, 2023 ж. 25 желтоқсан)

 

ҚР 2025 жылғы 4 қазандағы № 221-VIIІ Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың 3-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа № 1 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 2-баптың 1-тармағында:

мынадай мазмұндағы 331-тармақшамен толықтырылсын:

1) 331 «электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж» - жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты кеден органдары алатын міндетті төлем;»;

мынадай мазмұндағы 471 - 473-тармақшалармен толықтырылсын:

471) «электрондық сауда тауарлары» - жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары және жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары;

472) «жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары» - тараптардың бірі жеке тұлға болып табылатын мәміле шеңберінде «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің ресурстары пайдаланыла отырып, жеке тұлғаларға электрондық сауда алаңдарында өткізуге арналған Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.