«Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 51 бұйрығы

Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 51 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.