ҚР СТ 1912-2009 «Пайдалану күйінің нормалары мен талаптары» (күші жойылды)

ҚР СТ 1912-2009

 

Пайдалану күйінің нормалары мен талаптары

 

1 Қолданылу саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Терминдер мен анықтамалар

4 Оларды пайдалану күйіне қойылатын талаптар деңгейі бойынша автомобиль жолдары мен көшелерін жіктеу

5 Автомобиль жолдары мен көшелерінің пайдалану күйіне қойылатын талаптар

6 Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына жəне жолдар мен көшелер жабдықтарына қойылатын талаптар

7 Бақылау əдістері

 

 

 

1 Қолданылу саласы

 

Осы стандарт автомобиль жолдары мен көшелерін пайдалану күйінің нормалары мен талаптарын белгілейді, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының (бұдан əрі - автомобиль жолдары), қалалар мен басқа да елді мекендердің көшелері мен жолдарын (бұдан əрі - көшелер) пайдалану күйінің көрсеткіштер тізбесін, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша рұқсат етілетін олардың шекті күйін жəне автомобиль жолдары мен көшелерінде қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану күйіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы стандарт пайдалануға қабылданған жетілдірілген күрделі жəне жетілдірілген жеңілдетілген жабын типі бар автомобиль жолдары мен көшелеріне таралады.

 

 

2 Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 294 қаулысымен бекітілген «Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті.

ҚР СТ 2.4 - 2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру жəне жүргізу тəртібі.

ҚР СТ 2.21 - 2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Сынақ жүргізу жəне өлшеу құралдарының типін бекіту тəртібі.

ҚР СТ 2.30 - 2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау тəртібі.

ҚР СТ 1053 - 2002 Автомобиль жолдары. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 1124 - 2003 Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары. Жол белгілеуі. Техникалық талаптар

ҚР СТ 1125 - 2002 Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.