(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТ...

Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығы

(2017.31.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мынадай:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты» ең төмен әлеуметтік стандарты;

3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты;

4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты;

5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты;

6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты;

7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты;

8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты;

9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.