«Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шілдедегі № 470 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеу оқуды шетелдік ӘОО-ларда жалғастыруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери оқу орындарының (бұдан әрі - ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курсында оқитын әскери қызметшілер қатарынан іріктеу жылының 15 тамызына дейін ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде жүзеге асырылады.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда медициналық және музыкалық мамандықтарға оқуға іріктеу оқудың бірінші курсына қабылданған әскери қызметшілер қатарынан іріктеу жылының 15 тамызына дейін ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде жүзеге асырылады.