Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № А-7/296 Қаулысы
(2019.31.10. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/82 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақмола облысы әкімдігінің 2018.24.04. № А-5/187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.10. № А-11/521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету регламенті;