«Электрондық үкімет» порталы арқылы әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 72/НҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Электрондық үкімет» порталы арқылы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылсын:
1) «Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау»;
2) «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау»;
3) «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау».
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.