(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ БӨЛІ...

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығы

(2018.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 70-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.29.12. № 923 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.