Кейбір мемлекеттік заңды тұлғалардың атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы
(2024.08.02. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 426 Жарлығына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың атаулары:
1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті болып;
2) мемлекеттік мекемелер-аумақтық бөлімшелер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
3) ведомстволық бағынысты ұйымдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаларда көрсетілген заңды тұлғалар әділет органдарында құрылтай құжаттарының қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Аппарат басшысы М. А. Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ауыл шаруашылығы министрінің
2024 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
1-қосымша
Атауы өзгертілетін мемлекеттік мекемелердің-аумақтық бөлімшелердің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.