«Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 305 шешімі

Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 305 шешімі

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 және 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7445 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағында:

1), 2), 3) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер - 15 239 062,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 13 651 197,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 37 036,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 86 109,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша - 1 464 719,9 мың теңге;

2) шығындар - 15 908 498,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 204 475,2 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 204 475,2 мың теңге;»;

5), 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 502 293,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 502 293,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2018 жылға арналған Рудный қаласының жергілікті атқарушы органының резерв мөлшері 81 570,8 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 5, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.