«Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 11 бұйрығы

 «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 11 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс 121-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 4-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы дайындалған әуе кемесі - функционалдық мақсатына және пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке қолданылатын аппараттармен, аспаптармен, жабдықтармен, кешендермен, жүйелермен жарақтандырылған медициналық авиация желісі бойынша мамандандырылған операцияларды орындауға арналған әуе кемесі;

2) әуе кемесі (көлік) - жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.