«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 2/22 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7637-15 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері Мемлекеттік корпорацияға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек әрбір негіздеме бойынша ақшалай төлемдер түрінде мерзімді түрде жылына 1 (бір) рет мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан (бұдан әрі - АДР) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күніне: