Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-10/7 «2024-2026 жылдарға арналған Станционный кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № С-11/5 шешімі
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Станционный кентінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-10/7 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Станционный кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер -209 849,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 053,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 100,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 20,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 203 676,0 мың теңге;
2) шығындар - 211 044,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 195,4 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 195,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 27 наурыздағы
№ С-11/5 шешіміне
қосымша
Көкшетау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ С-10/7 шешіміне
1 қосымша
2024 жылға арналған Станционный кентінің бюджеті