(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЗИЯТКЕ...

 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 552 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы, Мәжбүрлеп орындату, Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеттері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.