Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар барысында анықталған және алдын ала есепке алу тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілерін Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізуді не оларды алдын ала есепке алу тізімінен алып тастауды тиісті мемлекеттік органдар олар алдын ала есепке алу тізіміне қосылған кезден бастап үш ай ішінде жүргізеді.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне қосылған тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарында үлкен ауқымдағы қалпына келтіру немесе жаңа құрылыс жұмыстарын бастау ниеті болған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға сәйкес ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне алдын ала хабарлама жібереді.
3. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
31-бап. 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 32-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар және оларды жоспарлау
Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарға мыналар жатады:
1) ғылыми зерттеу - тарих және мәдениет ескерткішін зерделеуге, сақталу сапасын, дәрежесін бағалауға және сақтау бойынша жүзеге асырылатын қажетті жұмыстардың көлемін айқындауға бағытталған іс-шаралар кешені, оның ішінде ғылыми-жобалау құжаттамасын әзірлеу барысында жүзеге асырылатын қызмет;
2) консервациялау - тарих және мәдениет ескерткішін одан әрі бұзылудан сақтайтын және тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи қалыптасқан келбетін өзгертпей, конструкциялық бөліктері мен сәндік элементтерін бекітуді және қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Тарих және мәдениет ескерткішінің физикалық тұрғыдан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да консервациялауға жатады;
3) реставрациялау - құндылығы жоқ әрі тарих және мәдениет ескерткішінің келбетін бұзатын қабаттарынан тазарту арқылы тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын, ғылыми негізделген деректер негізінде ғимараттың, ансамбльдің және кешеннің жоғалған элементтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қайтадан жасау - жеткілікті ғылыми деректер мен тарих және мәдениет ескерткішінің ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы болған кезде жоғалған тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткішінің бұрынғы келбетін өзгертпей, мерзімдік жұмыстар жүргізу арқылы оның техникалық жай-күйін сақтап тұру жөніндегі іс-шаралар кешені;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) бейімдеу - тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оны қазіргі заманға сай пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжат тамасы тарих жəне мəдениет ескерткіштерін бейімдеу қажет болған жағдайда оларды қорғау аймақтарындағы жұмыстарға қойылатын талаптарды көздеуге тиіс.
3. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар бюджет қаражаты, инвестициялар тарту, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия негізінде жүзеге асырады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.
Уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.
6. 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-бап. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия болған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жол беріледі.
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін хабар беруге міндетті.
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Археологиялық жұмыстар жоспарлы жəне жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар болып бөлінеді.
Жоспарлы археологиялық жұмыстар уəкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады. Жоспарлы археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.
Уәкілетті орган археологиялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.
Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар осы Заңның 30-бабына сəйкес жүргізіледі.
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Археологиялық жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды жүргізген жеке және заңды тұлғалар объектіде консервациялау-рекультивациялау жұмыстарын жүргізуге міндетті.
4. 2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде іздестірудің арнаулы техникалық құралдарын (металл іздегіштер, радарлар, магниттік аспаптар, топырақ қабатында археологиялық заттардың болуын айқындауға мүмкіндік беретін басқа да техникалық құралдар) немесе жер қазатын машиналарды археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың ғана пайдалануына жол беріледі.
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
34-1-бап. Ұлттық археологиялық қызмет
1. Ұлттық археологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Ұлттық археологиялық қызмет:
1) археологиялық жұмыстарды мониторингтеуді жүзеге асырады;
2) археологиялық жұмыстарды ғылыми-əдістемелік сүйемелдеуді жүргізеді;
3) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүргізеді;
4) археологиялық жұмыстар жүргізу нəтижесі бойынша есептерді жинауды, талдауды жəне жүйелеуді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 34-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
34-2-бап. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе
1. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің міндеттері мыналар болып табылады:
1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілері жəне оларды зерттеу мен сақтау нəтижелері туралы деректерді жинау, жүйелеу, цифрлау, сақтау;
2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар туралы мəліметтерді жинау жəне жүйелеу;
3) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге жəне сақтауға жəрдемдесу.
3. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
1) бейне-, фото- жəне баспа өнімдері;
2) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілері туралы мəліметтерді қамтитын баспа жəне қолжазба мəтіндері;
3) археология ескерткіштерінің паспорттары, қорғау міндеттемелері, оларды қорғау аймақтарын айқындау туралы шешімдер;
4) ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы авторефераттар, диссертациялар, есептер;
5) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерімен байланысты басқа да материалдар.
4. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе:
1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерінің тізілімін;
2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін;
3) осы Заңға сəйкес археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мəдени мұра объектілерінің сақталуына жауапты жеке жəне заңды тұлғалар туралы мəліметтерді;
4) тарихи-мəдени сараптама қорытындыларын;
5) осы баптың 3-тармағында көрсетілген қалыптастыру көздерінің базасында қалыптастырылған деректерді қамтиды.
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 34-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
34-3-бап. Археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нəтижесінде Қазақстан Республикасының жəне басқа мемлекеттердің жеке жəне заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжалар уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нəтижесінде Қазақстан Республикасының жəне басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беріледі жəне уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосылады.
3. Археологиялық олжаларды жеке-дара немесе жалпы археологиялық олжаларға жатқызуды археологиялық жұмыстар барысында оларды анықтаған жеке немесе заңды тұлға жүзеге асырады.
4. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийі уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры ның сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін жəне пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Жеке жəне заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңнамасын сақтай отырып, Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына еркін жəне өтеусіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
5. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжалар уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі.
35-бап. Мәдени құндылықтарға жататын заттар бар көмбені табу
1. Мәдени құндылықтарға жататын заттар бар көмбе табылған кезде, олар Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлуге жатады. Мұндай көмбе табылған жылжымайтын мүліктің меншік иесінің және көмбенi тапқан тұлғаның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 247-бабына сәйкес тең үлестерде көмбе құнының елу пайызы мөлшерiнде сыйақы алуға құқығы бар. Мемлекетке тиесілі жер учаскесінен немесе өзге де жылжымайтын мүліктен мәдени құндылықтарға жататын заттар бар көмбе табылған жағдайда, көмбені тапқан тұлға осы көмбе құнының елу пайызын алуға құқылы.
Көмбе құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес мүлікті бағалау туралы есеп негізінде айқындалады.
2. Мәдени құндылықтарға жататын заттар бар көмбені тапқаны үшін сыйақы төлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан жүргізіледі.
36-бап. Тарихи-мәдени сараптама
1. Мыналар тарихи-мәдени сараптама объектілері болып табылады:
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) игеруге жататын жер учаскелерінде жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстарды жүргізу нəтижесі бойынша алынған, тарихи-мəдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатердің болуын немесе болмауын негіздейтін материалдар;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдеріне қосуды негіздейтін материалдар;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдерінен алып тастауды негіздейтін материалдар;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерін Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізіміне қосуды негіздейтін материалдар;
5) тарих және мәдениет ескерткішінің санатын өзгертуді, тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру мен оны өзгертуді негіздейтін материалдар.
2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тарихи-мəдени сараптаманы тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке немесе археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы жəне Қазақстан Республикасының ғылым жəне технологиялық саясат туралы заңнамасына сəйкес ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куəлігі бар жеке жəне заңды тұлғалар жүргізеді.
3. Тарихи-мәдени сараптама уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
4. Тарихи-мәдени сараптама жүргізу нәтижесі бойынша қорытынды беріледі.
Тарихи-мәдени сараптама қорытындысына уәкілетті органға не сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
37-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген, тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ресімдеуге жатады.
39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 12-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 желтоқсан
№ 288-VІ