2026 - 2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 367 шешімі
Осы редакция 2026 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026 - 2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 208 293 799 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 179 711 402 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 690 700 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 330 204 мың теңге;
трансферттер түсімі - 13 561 493 мың теңге;
2) шығындар - 195 645 295 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 671 892 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 671 892 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) - 13 320 396 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - - 13 320 396 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 13 320 396 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені ескерілсін:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласының бюджетіне толығымен есептеледі;
2) әлеуметтік салық бойынша түсімдер облыстық бюджетке толығымен есептеледі;