«Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 1382 Қаулысы (күші жойылды)

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 1382 Қаулысы

 

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 94 Қаулысымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 316 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5374 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 19 наурызда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 328 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5384 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 15 наурызда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.