«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 12-VІІ Заңы

Предыдущая страница

2) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылардың, радиациялық қондырғылардың жобалау және пайдалану құжаттамасы;

3) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды, радиациялық қондырғыларды техникалық жаңғыртуға арналған жобалау құжаттамасы;

4) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды, радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару жөніндегі жобалау және пайдалану құжаттамасы.»;

16) 26-бапта:

тақырыптағы «, радиациялық және» деген сөздер «қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтағы «, радиациялық және» деген сөздер «қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың бірінші абзацындағы «, радиациялық және» деген сөздер «қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Уәкілетті орган ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.»;

8-тармақ алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші - төртінші және алтыншы абзацтарын және 3-тармағы 8) тармақшасының екінші - жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Президенті

 

     Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 25 ақпан

                 № 12-VІІ ҚРЗ