Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығы
(2025.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы өзгерістер енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 157 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2022 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 295 бұйрығымен бекітілген
Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі
нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібін айқындайды.