«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 7 бұйрығы
1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4 және 4-5-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде негізгі қуат анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және негізгі қуат иелерінің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) орналастырады.
Тізбе тауар нарығының, нарық субъектісінің, негізгі қуат иеленушінің толық атауын қамтиды.
4-2. Қорытынды мен тізбе орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде монополияға қарсы орган нарық субъектісіне оны негізгі қуаттың иесі деп тану туралы жазбаша хабарлама жібереді.
4-3. Негізгі қуат иесі хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң өзінің қызметін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіреді.
4-4. Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, негізгі қуат иесі осы Қағидалардың 4-3-тармағында көрсетілген мерзімді ұзарту туралы дәлелді өтінішпен монополияға қарсы органға жүгінуге құқылы.
4-5. Мерзімді ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді монополияға қарсы орган дәлелді өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды.