Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпараттың нысанын, сондай-ақ оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 543 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы сұратылатын ақпарат нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидалары мен мерзімдері.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.