«Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы

«Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысы

 

1. Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтың төртінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын;

2) тармақша 2018 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді

2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Шешiм Қазақстан Республикасының атынан заңға және нақты іс бойынша сот анықтаған фактiлерге қатаң сәйкестiкте шығарылады.

Тараптардың, талап қоюшының не жауапкердiң жағынан қатысатын үшiншi тұлғалардың не іске қатысатын басқа адамдардың түсiнiктерi, куәлардың, сарапшының айғақтары, маманның түсіндірмелері шешiмде үшiншi жақтан келтiрiлiп, қысқаша, даудың мәні бойынша жазылады.

Көлемі ауқымды түсініктер, айғақтар мен түсіндірмелер болған кезде уақыт кезеңін нақты көрсете отырып, дыбыс-, бейнежазбасына сілтеме жасауға жол беріледі.

Шешімнің мәтінінде: оқиғалар мен мән-жайлардың жете жазылуына; дауға қатысы жоқ құқық нормаларының келтірілуіне; ресми құжаттарда қолдануға болмайтын қабылданбаған қысқартулар мен сөздерді пайдалануға; сотта айтылмаған түзетулерді енгізуге жол берілмейді.

Судья шешiмдi кеңесу бөлмесiнде жазбаша нысанда дайындайды және ол қолмен жазу, машинкада жазу немесе компьютерлік тәсілмен бiр данада жасалуы мүмкiн.

Шешім қолмен немесе машинкада жазу тәсілімен дайындалған жағдайда, оның көшірмесі мынадай талаптарға сәйкес компьютерлік тәсілмен орындалуы тиіс.

Компьютерлік тәсілмен дайындалған шешім мынадай параметрлер («doc» немесе «docx» кеңейтілімі бар мәтіндік редакторын қолдану арқылы) ескеріле отырып ресімделеді:

шет сызықтары: жоғарғы, төменгі шеттер - 2,5 см, оң жақ шеті - 1,5 см, сол жақ шеті - 2,5 см; көшірмені парақтың екінші бетіне басқан кезде шет сызықтары: жоғарғы, төменгі шеттер - 2,5 см, оң жақ шеті - 2,5 см, сол жақ шеті - 1,5 см;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.