(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ 2015.28.04 № ...

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 7 тамыз

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 21 тамыз

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.