«Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 336 бұйрығы
БҰЙРЫҚ ЕТЕМІН:
1. «Коммуналдық қызметтер тізбесін және Коммуналдық қызметтер көрсету бойынша үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20542 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларында:
1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай төлем құжаты - коммуналдық және қосымша қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған, төлем және (немесе) ақша аударымы негізінде немесе оның көмегімен жүзеге асырылатын электрондық нысанда қалыптастырылған құжат;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
1-2) бірыңғай есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - БЕО) - уәкілетті орган айқындайтын жұмыс істеу талаптары мен тәртібіне сәйкес келетін, бірыңғай төлем құжатын қалыптастыруды жүзеге асыратын және ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушілер мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын: