«Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 239 бұйрығы

«Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 239 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық құқықтық жүйесінде жарияланған,) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі мыналарды:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес етті бағыттағы ірі қара малды;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қойларды;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қойларды;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес құйрықты қойларды;

осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаракөл қойларды;

осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді;

осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес шошқаларды;

осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жергілікті және зауыттық жылқыларды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.