2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VII шешімі
(2023.27.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023.12.05. № 2/7-VIII шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.07. № 4/23-VIII шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.09. № 6/34-VIII шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Түркістан қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 105 218 975 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 18 993 923 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 566 135 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 26 831 003 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 58 827 914 мың теңге;
2) шығындар - 83 114 996 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 287 157 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 287 157 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы - 21 816 822 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - - 21 816 822 мың теңге:
қарыздар түсімі - 2 000 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 23 924 621 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 107 799 мың теңге.
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023.12.05. № 2/7-VIII шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)