Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 165 бұйрығына
1-қосымша
Білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру және балалардың
құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
стандарты
(2024.05.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.16.02. № 35 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Стандарт:
1) жетім-балалардың;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
3) девиантты мінез-құлықты балалардың;
4) арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін балалардың;
5) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың;
6) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке ұшыраған балалардың (оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар, жыныстық тиіспеушілікке байланысты қылмыстың құрбаны болған балалар);
7) жасөспірімдер үйлері тәрбиеленушілерінің тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасына, шарттары мен көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп көрсетілетін қызметті алушылар болып аталады.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге:
1) жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, жасөспірімдер үйі);