Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 677 бұйрығы
(2025.07.09. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.