«Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін әзірлеу және бекіту, қалдықтарды басқару туралы есептілікті ұсыну және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 261 бұйрығы (2026.18.10. берілген өзгерістермен)

Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін әзірлеу және бекіту, қалдықтарды басқару туралы есептілікті ұсыну және бақылау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 261 бұйрығы

(2026.18.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 334-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін әзірлеу және бекіту, қалдықтарды басқару туралы есептілікті ұсыну және бақылау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Экология, геология және табиғи ресурстар

министрінің м.а.

 

 

С. Брекешев

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің м.а.

2021 жылғы 19 шілдедегі

 № 261 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін әзірлеу және бекіту,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.