2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 шешімі
(2020.11.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020.20.03. № 543 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.11.05. № 553 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 82 220 342,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 34 896 310,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 241 343,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 270 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 41 812 688,7 мың теңге;
2) шығындар - 106 364 721,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 24 144 378,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 24 144 378,8 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi - 29 503 664,9 теңге;
қарыздарды өтеу - 9 000 000,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 640 714,0 теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.