(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ АРАСЫНДА КОРОНАВИРУ...

Предыдущая страница

2) жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі;

3) салон COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттің биологиялық материалымен ластанған жағдайда, ластану орындары дереу зарарсыздандырылады;

4) жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері пациентті медициналық ұйымға бергеннен кейін белгіленген орындарда аяқ киімді, қолды жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялауға міндетті;

5) COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентті медициналық ұйымға медициналық эвакуациялау аяқталғаннан кейін жедел медициналық жәрдем автомобилі және медициналық эвакуация кезінде пайдаланылған заттар арнайы жабдықталған алаңда арнайы медициналық ұйымның аумағында дезинфекторлардың күшімен зарарсыздандырылады;

6) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонына дезинфекция жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, медициналық ұйым аумағында дезинфекторлардың күшімен дезинфекцияны жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі және медицина қызметкерлері жүргізеді;

7) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонында дезинфекциялау салонының барлық беткейлеріне, оның ішінде медициналық бұйымдардың беткейлеріне жүргізіледі;

8) беткейлерді өңдеу дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен немесе дезинфекциялық ерітіндіні бүрку жолымен суландыру тәсілімен жүргізіледі;

9) экспозициядан кейін дезинфекциялық ерітіндіні таза сумен жуады, кейіннен дезинфектант иісі жойылғанға дейін желдетіле отырып, құрғақ шүберекпен сүртеді;

10) медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылған бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдары, жинау шүберектері пакеттерге жиналады және медициналық ұйымның аумағындағы В сыныбының қалдықтарына арналған арнайы контейнерлерге салады;

11) жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған көшпелі бригадасының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері шақыруды орындағаннан кейін дененің ашық жерлерін тері антисептигімен сүртуді қамтитын санитариялық өңдеуден өтуге міндетті;

12) медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып зарарсыздандыруға жатады.

 

ІІ. Барлық медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік

 

33. Денсаулық сақтау ұйымдарында:

1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейі бар ЖҚҚ;

2) санитариялық тораптарды сұйық сабынды дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз сулықтармен, пайдаланылған маскалар мен сулықтарды жинауға арналған педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;

3) антисептиктердің, дезинфекциялық құралдардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

4) барлық үй-жайларды үнемі желдету, адамдар болғанда ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану;

5) санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет.

34. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3- қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек.

35. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күніне 2 рет тұрақты медициналық бақылау белгіленеді.

36. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.

37. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелерінде қозғалысын шектеу қажет.

38. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда аумақта және ғимаратта сүзгіге тиісті көрсеткіштермен кіреберісте сұрыптауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет. СОVID-19-ға ұқсас белгілері бар пациент анықталған кезде оны арнайы бөлінген бөлмеге оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел медициналық жәрдемді шақыру қажет.

39. Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканы бастау алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжат болған кезде жіберіледі.

 

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.17.09. № 43 Қаулысымен 35-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

35-қосымша

 

 

COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған

адамдар үшін оқшаулау тәртібі

 

І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі

1. COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.

COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

- COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;

- COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);

- ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, кеңеске арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;

- COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;

- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.

 Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.

 2. COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыс):

 1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.

 Оқшаулаудың 3-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға байланыста болған адамды (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР зерттеу теріс болған жағдайда МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды, 14 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған жағдайда карантин мен оқшаулау аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық комитеттің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа жедел хабарлама береді.

 2) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық тексеруіне жатады. COVID-19 белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа шұғыл хабарлама береді.

 3. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде пациент амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Бекітілген алгоритмге сәйкес тәуекел факторлары болған және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы шешімді МСАК маманы әрбір жағдайда жеке қабылдайды.

 Учаскелік терапевт күн сайын коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуына үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға қоңырау шалуға міндетті.

 COVID-19-бен ауыратын науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде клиникалық симптомдар болмаған жағдайда карантин аяқталады.

 Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 профилактика шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).

 Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың жыбырлауы және/немесе ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауыруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да симптомдары) учаскелік терапевт Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа жедел хабарлама береді.

 Жедел хабарлама келіп түскен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19-бен ауыратын науқасты тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен алып тастайды, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) ауысуының жеке статистикасын жүргізеді.

 

COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның және шетелден Қазақстан Республикасына авиарейстермен келген адамның қолхаты

 

Елді мекен ________________                                                    20__ жылғы «___» ______

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,                                                                                           

                                 (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

__ __ __ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20__ жылғы _________№_____ қаулысымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажет екендігі туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.

Күні:_________

Қолы___________

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

36-қосымша

 

 

Үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайлары

 

Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.

 

Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:

Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:

1. Байланыста болған адам(дар) көршілерден (басқа отбасы мүшелерінен) оқшаулана алатын жеке пәтер (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) бар.

2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (медициналық маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (қолды сабынмен жиі жуу, ылғалды жинау жүргізу, үй-жайды желдету) сақтауға қабілетті.

3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (60 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.

4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қолжетімділік бар.

5. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.

6. Адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және қолхатта жеке қол қоюымен растайды. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар

1. Үйден шықпау.

2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізінде антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз жататын медициналық масканы кию және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру керек.

3. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.

4. Жеке ыдысты пайдалану қажет.

5. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа жүгіну немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.

 

Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар

Мыналар ұсынылады:

1. Үйге бөгде адамдардың келуін болдырмау.

2. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Медициналық масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу.

3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесіның дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу керек.

4. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.

5. Күн сайын ылғалды жинау.

6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн.

7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалану.

8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.

9. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене температурасы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, дереу COVID-19 бойынша колл-орталығына жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру.

 

Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде

орындау туралы қолхат

 

Елді мекен ________________ 2020 жылғы «___» ______

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

                                                                  (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _________№ ___- ПГВР қаулысының ___ қосымшасымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру екендігі туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.

 

Күні:_________

Қолы____________

 

Үй карантинінде болуды қашықтықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету

Мониторингті қамтамасыз ету үшін:

1. Үй карантиніндегі адамға смартфонына Smart Astana мобильді қосымшасын орнату және қосымшаға барлық рұқсатты беру (GPS, WIFI, Bluetooth)

2. «Мен карантиндемін» режимін қосу және оны үй карантині режимінің қолданылған кезінде өшірмеу

3. Телефон үнемі қосылып тұруы және интернетке қосылған болуы тиіс

4. Мобильді қосымша белсенді болуы немесе фондық режимде жұмыс істеуі тиіс (қосымша қызметінің мәртебесін хабарламалардан немесе виджеттен тексеруге болады)

5. Үй карантині функциясын пайдалану кезінде пайдаланушы GPS, Bluetooth және WI FI режимін ажыратпауы тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

37-қосымша

 

COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритмі

 

1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі:

- Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуерейстері, темір жол тасымалдары, авто);

- байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында);

- жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде:

1) өздігінен жүгіну;

2) профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған.

1.1 Сырттан әкелінген жағдайлардың тіркелуі:

1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі - СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 бақылау орталығы» Веб-қосымшасында немесе басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеу үшін нысанның қағаз тасығышында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы толтыру жолаушылар өздігінен, немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады.

1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

1.1.3. Басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде рейстер/поездар/автомобильдер келгеннен кейін бес сағаттың ішінде мәліметтерді COVID-19 Веб-қосымшасына көшіреді.

1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1 (1А, 1Б), 2, 4-кестелерге сәйкес деректер жиынтығын жүргізеді, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдар туралы 12 (он екі) сағаттың ішінде, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар туралы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде COVID-19 Веб-қосымшасына деректерді енгізеді.

1.1.5. Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі - ҚДСБ) мамандары №3 кестеге сәйкес байланыста болған адамдарды медициналықбақылауы қажет. ҚДСБ-ның мамандары 1 (1А, 1Б) және 4-кестелерге сәйкес АД-ге инфекция жұқтырған адамдар туралы барлық деректерді ұсынуы қажет.

1.2. Байланыста болу жағдайларын тіркеу:

1.2.1. Диагностикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және байланыста болған адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына «пациентті енгізу» бөліміне енгізіледі.

1.3. Жергілікті (өздігінен жүгіну және профилактикалық скрининг кезінде анықталған) жағдайлар:

1.3.1. АД-ның мамандары ҚДСБ-нан COVID-19-ға күдікті пациенттің жүгінгені туралы шұыл хабарлама алған жағдайда осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес ақпарат қалыптастырады,

1.4. Жақын байланыста болуды тіркеу.

1.4.1. Сырттан әкелінген жағдайда жақын байланыс осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес анықталады, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.

2. ҚДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары денсаулық жағдайын қашықтан мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мобильді қосымша орнату бойынша нұсқама жүргізеді және белгіленген кезеңділікпен өзінің хал-жағдайы туралы мәліметтерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. ҚР азаматы болып табылмайтын адамдар үшін қашықтан мониторингілеу ҚДСБ мамандарының қоңырау шалу және қажетті мәліметтерді толтыруы жолымен жүргізіледі. Қашықтан мониторингілеу нәтижесінде алынған мәліметтер осы қосымшаның 1.1.5-тармағына сәйкес АД-ге беруге жатады.

2.1. Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ үй карантиніндегі медициналық бақылаудағы адамдар қашықтан мониторингілеу үшін өзінің хал-жағдайы туралы мобильді қосымшаға қажетті кезеңділікпен мәліметтерді енгізуге міндетті. Бас тарту немесе өз хал-жайы туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

2.2. Медициналық ақпараттық жүйе қашықтан медициналық бақылау нәтижелерін COVID - 19 Веб-қосымшасында жаңартылғаннан кейін автоматты түрде интеграцияланады.

3. АД-ның мамандары COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына пациент туралы деректерді енгізеді.

4. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар осы қаулыға 41-қосымшада бекітілген жолдамаға сәйкес COVID-19-ға оң нәтижесі бар адамдар туралы ақпарат беруге тиіс.

5. АД-ның мамандары COVID-19-да оң нәтиже туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алғаннан кейін пациенттен осы пациент бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және COVID-19 Веб-қосымшасына енгізеді.

6. АД-ның мамандары CОVID-19-бен ауыратын науқастарымен байланыста болған адамдар шеңберін анықтағаннан кейін карантиндік іс-шараларды жүргізу үшін осы адамдар туралы мәліметтерді ҚДСБ-ға жібереді.