Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 307 Қаулысы
(2018.26.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық пантеон туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 мамырдағы
№ 307 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық пантеон туралы
ереже
1. Осы Ұлттық пантеон туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ұлттық пантеон (бұдан әрі - Пантеон) - мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің аса көрнекті қайраткерлерінің, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында негізі қаланған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын қайтыс (қаза) болған тұлғаларды жерлеуге арналған орын.
3. Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында, Астана қаласының аумағында орналасқан.
4. Пантеон аумағында:
1) мемориалдық ғимарат;
2) «Естелік қабырғасы» монументі бар естелік музейі (XХ-XXІ ғасырлар);
3) әкімшілік, шаруашылық және қосалқы ғимараттар;
4) құлпытастар;
5) саябақ және іргелес аймақтар қамтылады.
ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 690 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Пантеон аумағында жерлеуге қайтыс (қаза) болған мынадай тұлғалар жатады:
1) Қазақстан Республикасының президенттері және олардың отбасыларының мүшелері;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.