Мемлекеттік қайырымдылық платформасы арқылы қайырымдылық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 497-НҚ бұйрығы
«Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 4-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қайырымдылық платформасы арқылы қайырымдылық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 30 қазандағы
№ 497-НҚ бұйрықпен
бекітілген
Мемлекеттік қайырымдылық платформасы арқылы қайырымдылық көмек көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер