«КӘСІПТІК СТАНДАРТ «Болат балқыту өндірісі» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 316 бұйрығына 7-қосымша (2026.23.03. берілген толықтыруларымен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.03. № 83 бұйрығымен 7-қосымшамен толықтырылды (2026 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2025 жылғы 26 тамыздағы

№ 316 бұйрығына

7-қосымша

 

 

КӘСІПТІК СТАНДАРТ

«Болат балқыту өндірісі»
(2026.23.03. берілген толықтыруларымен)

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіби стандарттың қолданылу саласы: «Болат балқыту өндірісі» кәсіби стандарты (бұдан әрі - кәсіби стандарт) Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес кәсіби орындарда персоналды оқыту, қызметкерлер мен білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіби біліктілігін тану, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіби орындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу мақсатында әзірленген және болат өндіру саласында қолданылады.

2. Осы кәсіби стандартта төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік - еңбек нарығы, әрі қарай білім алу және оқыту үшін меңгерілген білімнің, дағдылар мен құзыреттердің құндылығын тану, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық беру;

2) біліктілік деңгейі / біліктілік деңгейшесі - қызметкерлердің білімдеріне, дағдыларына және кең ауқымды құзыреттеріне қойылатын, еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандарттан тыс болуы, жауапкершілік пен дербестік параметрлері бойынша сараланатын жинақталған талаптар;

3) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) - еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

4) ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) - экономиканың салалары, еңбек нарығы және кәсіби білім беру мен оқыту жүйесінің өзара байланысын қамтамасыз ететін, біліктіліктерге сұраныс пен ұсынысты реттейтін құқықтық және институционалдық реттеушілердің тұтас кешені;

5) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) - ұлттық біліктілік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, салада танылатын біліктілік деңгейлерінің сараланған рамалық құрылымы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.