«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 2/262-783 Қаулысы (күші жойылды)

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 2/262-783 Қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 3/470-1139 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 13 қаңтардағы № 32.1 - 32.01/161-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы, Жетісу ауданында орналасқан 15 (он бес) жер учаскелерін Райымбек даңғылын қайта құру және жүрдек қоғамдық көлік (BRT) салу үшін жүріс бөлігін қайта ұйымдастыру, жаяу жүргіншілер аймақтарын, көпірлер мен велосипед жолдарын жайластыру үшін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.

3. Меншік иелері жугінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 603-кеңсе болып белгіленсін.

4. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала Жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.

5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.