«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 558 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 558 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-30) - 177-56) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында, оның ішінде оның құзыретіне қатысты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша және инновациялық қызметті мемлекеттік саясатты іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.».

13-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«4) инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингілеу, ынталандыру және дамыту;

5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

6) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.