«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығы

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығы

 

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабына және 6-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 28 000,00 теңге (жиырма сегіз мың теңге) мөлшерiнде бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.